Жастар [бей] конференциясы

​ZhasCamp-ке жол грантын қалай алуға болады?

20.08.2014

Жол гранты ұйымдастырушыларның басқа қалалардан келетін ZhasCamp қатысушыларына, жолға және Алматыда тұруға бөлінетін қаражат.

Грант Алматыға пойызбен барып-қайтудың 50 пайыз ақысын өтейді (билеттің қалған 50 пайыз құнын қатысушы өзі өтейді)

Грантқа өтініш тапсыру үшін «Вперед на ZhC’2014 – проездной грант» деген үлгініwww.zhascamp.kz сайтында толтыруыңыз керек.

Назар аударыңыз! Бұл қатысу нысаны бір уақытта Zh`C 14-ке тіркеу және жол гранттар байқауына қатысу болып есептелінеді. Іс-шараға қайта тіркелу керек емес! Тіркелгеннен кейін, бір-екі минут арасында сіздің мәліметтеріңіз қатысушылардың кестесінде шығады, бұд сіздің іс-шараға сәтті тіркелуіңізді растайды.

Бөлінген гранттардың саны ?

Қазақстанның 14 қаласы мен облысына 59 жол гранты бөлінді.

Іріктеуді кім өткізеді ?

Қазақстан жастар ақпарат қызметінің байқау комиссиясы.

Гранттар қандай негізде бөлінеді ?

  • 19-24 жас арсындағы Қазақстан Республикасының азаматы болуы.
  • Азаматтық белсенділік, қоғамдық қызметтегі тәжірибе немесе қоғамдық қызмет көрсетуге деген қатты ықылас.
  • Өтініш берушінің өзінің бастамасымен немесе ол қатысқан бір жобаның бар болуы, сонымен қатар жобаның нәтижесі мен қорытындасының бар болуы.
  • Ашық бағдарламада көрсетілім жасау ойы.

Шығынның ішінара өтелуін алуға бола ма ?

Егер сізге тек пойыздың, немесе тек тұрудың ғана өтелуікерек болса, оны өтініш беру үлгісндегі соңғы бағанда көрсетіңіз және байқау комиссиясы сіздің өтінішіңізді барлық өтініштермен қатар қарастырады.

Өтінішті қай уақытта дейін жіберуге болады ?

Астана уақытымен 2014 жылының 10 қазаны сағат 24-00 дейін жіберуге болады.

Байқаудың нәтижелері қашан белгілі болады?

2014 жылының 11-12 қазаны сағат 24-00 дейін.

Грант иегері болғанымды қалай білемін?

Қазақстан жастар ақпарат қызметі сізге e-mail-ге хат жібереді, ал үйлестіруші ұялы телефоныңызға хабарласады.

Сонымен қатар жеңімпаздардың тізімі 12 қазан күні сайтқа ілінеді.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша, келесі мекенжайлар бойынша хабарласыңыздар немесе қоңырау шалыңыздар:

Кеңсе: +7-705-675-25-03, E-mail: zhascamp@gmail.com

Өңірлік қатысушылар үйлестірушісі,— Данияр Бексұлтан,+7-705-675-70-70,bexultan.daniyar@gmail.com

ZhasCamp 25-26 қазанда Сүлейман Демирел ат. университетте өтеді.

Ұымдастырушы: Қазақстан жастар ақпарат қызметі (ҚЖАҚ)

Серіктес: Фонд Сорос-Казахстан.

Благодарим за поддержку